Мінезді «Атырау» ?
«Атырау» - «Ордабасы» ойыны бүгінгі күннің сәні болды. Әсіресе "мұнайшылардың" мінезі барлығын таң қалдырды. Чемпиондар фаворит еді, 3 ұпайды қиналмай алады деген болжамдар болған. Бірақ Седнев шәкірттері нашар ойынымен жанкүйерлерін үмітін ақтамады. Жалпы «Ордабасы» ұпайларды көбіне стандарттардың, Тағыбергеннің соққыларының арқасында жинап жүрген еді, бірақ бүгін бұл тактика мүлдем жүрмеді. 90 минутта «Ордабасы» тек бір рет (!) қана қақпаға дәл соққы бағыттаған — чемпиондар лигасында ойнатын команда үшін өте нашар көрсеткіш. Әрине, бұл бірінші кезекте «Атыраудың» еңбегі. Дегенмен де, қонақ командадан бұндай нашар ойынды күтпеген едік.
"Мұнайшылардың" құрамында бірінші минуттан 6 бірдей қазақстандық шығып, бұл "жеңіске" үлкен үлестерін қосты. Иә, иә, бұл тең есеп бюджеті кішкентай Атырау үшін жеңіспен пара-пар.
Былтыр Түркияның «Болуспор» командасында ойнаған Жоэль Каямбаны ерекше атап кетуге болады. Алаңның ортасында ойқастап, қорғаныста да, шабуылда да әдемі ойнады. Козлов сияқты мықты вингер болғанда, жеңіп кетер ме еді. Өйткені Жуковский шәкірттерінде әсіресе екінші таймда көптеген мүмкіндіктер болды.