Оқырман бүй дейді
Менің ойымша Сан-Мариноға қарсы кездесуді Астана-Аренада өткізген тиімсіз секілді. Біріншіден Жасаңды алаңға жаттығу жасап, жасаңды алаңда ойын өткізіп, сосын Словенияға барып табиғи алаңда ойнау өте қиын болайын деп тұр! Сондықтан Сан-Мариномен ойынды Алматыда өткізу керек секілді! Немесе оданда жақсы вариант бар! Егер Уефа рұқсат берсе ойынды Словениямен көршілес жатқан бір елде, тіпті Словенияның өзінде де өткізуге болады. Сонда жігіттер көп уақыт алдын жиналып, Сан-Мариномен бір жаттығу (Құдай қаласа жеңіп) матчын өткізіп сосын Даниядан шаршап келген Словенияны ұтуға мүмкіндік болалы! Қазақстан футбол қауымдастығы осыны ойласа екен!