#BTS_IMAGINE_QRF #Елестетші, аңдамай мұғаліміңмен жатып қойдың. Чиминнің үйінен кетіп қалғаннан кейін үйге қайтар ойың жоқ. Ойыңа келгені, арзан бір шағын квадратты үй болса да жалға тұра тұру болды. — Құрып кеткір! Сайтан алғыр десе. Менің мұндайға қызығушылығым жоқ еді ғой. Демек, мен ішсем... сондай болып кетемін де, - өз-өзіңе ашулана, ертеңгі күнді қалай атырарыңды білмей дал болдың. Телефоныңа тоқтаусыз хабарламалар, қоңыраулар келіп жатты. Қоңырауларынан нөмірін тани алмадың. Бірақ хабарламалар жібере бастағанда, оның Чимин екенін түсіндің. Ол тоқтаусыз, сенің халіңді, өзіңді қалай сезініп жатқаныңды сұраумен болды. Дәл қазірі саған ойлануға ешкім кедергі келтірмесе болғаны. Хабарламасына жауап та қатпадың. Интернетті ашып алып, алғашқы төсек қатынасынан ішкі организмде қандай реакциялар жүретіні туралы ашып көріп жаттың. Сол-ақ екен құрбың Минни хабарласа бастады. Бұл қоңырауға міндетті түрде жауап беру керек. Ол сенің спутнигің секілді. Әлемде не болып жатқандығының бәрін сол арқылы біліп отырасың. Тұтқаны көтеріп: — Минни? — А, С/а, - дей бергені сол, Чимин: — Маған берші, - деп, телефонды өзі тартып ала: — С/а? - деп, Чимин шетқары шығып кетті. Бұл Чиминнің кезекті бір айласы ғана екен. Сен жақтырмай: — Не керек? Сенің не сабағың жоқ па? — Неге тұтқаны көтермейсің? — Аа, ол сен бе едің? - өтірік білмегендей. Чиминнің зығырданы қайнай: — Енді кім деп едің? Бір жауап беруге болады ғой. Сені қалай уайымдағанымды білемісің? — Ал менің жауап бергім келмесе ше? Сенің расымен мені уайымдап жатқаныңды қайдан білемін? Мүмкін, сен қарабасыңды ойлап, мені соттатып жібермесін деп, басыңды алып қашқың келетін оймен хабарласып жатқан шығарсың. — Егер менде сондай ой болса, саған мүлдем хабарласпайтын да едім. — Иә, сене қалдым. — Қойшы, С/а. Бәрін ушықтырып жатырсың. Қазір қалайсың? Үйдесің бе? Не істеп жатырсың? — Қызық па сол саған? Жатырмын аяғымды аспаннан келтіріп. — Мен қалжыңдап тұрған жоқпын. Саған алаңдағаннан кейін сұрап жатырмын. — "Алаңдау"? Сен өзі неткен жұмсақ жүректі мейірімді адамсың! Сөзім жоқ. — Кешкісін саған ауырсынуларды басатын дәрілер ала барамын. Көп қозғалмай, жата тұр. — Иә, жатырмын онсызда. Болды ма? — Неге сонша агрессивтісің? — Хах! Енді мен 30-дағы еркекпен төсектес болдым деп, мәз болып жатайын ба? Саған бәрібір шығар, маған олай емес. Ертең мен жүкті болып қалсам... — Онда біз үйлену керекпіз. — Осы жерден қайта ғой, қымбаттым. Жайыңа жүр, жақсы ма?! - деп, өшіріп тастадың да: — Енді Минниге де сенім жоқ, - деп, телефоныңды лақтырып жібердің. Чимин жұмыс бойы істегендерінің дұрыс еместігін ойлануда. Жұмыстан шыға салысымен жолай дәріханадан қажетті дәрілерді ала салысымен, тіке үйге қарай тартты. Жеделдетіп жеткен Чимин, үйде сенің жоқтығыңды көргенде бірден саған қоңырау шалуды жөн көрді. Қоңырау барып тұр, барып тұр. — Тұтқаны көтер қане, С/а! - ашулана қабырғаны бір соқты. “Байланыс аясынан тыс жерде немесе телефоны уақытша сөндірулі” деген жауап келді. Сен телефоныңды ұшақ режиміне қойып тастадың. Өзің оңашада ойланғың келген сәтте, оның қайта-қайта шалған қоңыраулары жүйкеңе тиіп бітті. Қараңғы түсе бастаған уақыт. Бойыңдағы ауырсынудан шыдай алмаудасың. Ал жедел-жәрдем шақыруға ұятың жібермей жатыр. Ақыры болмаған соң өзің дәріханаға шықпасыңа болмады. Өзің тұрақтаған аудандағы жақын маңайдағы дәріханаға келдің. Жүзіңді бүркемелей, дәріханашыға қажетті дәріңді айтып жатқанда, артыңнан төне келген екі-үш қыз сенің иығыңнан түртті. Ақырын артыңа қарағаныңда бұл сенің сыныптастарың екен. Олар әлі мектеп формасында. — Чон С/а? Білген едім, - мырс етіп, екі қолын айқастады. Ішіңнен “қайдан ғана шыға келдіңдер?!” деп, тістеніп тұрдың да: — Сәлем, қыздар, - деп, қайта теріс қарап қалдың. Әлгі қыздар: — Бұл ауданда не істеп жүрсің? Сен осы маңда тұрушы ма едің? — Жай өтіп бара жатырмын. — Сені Пак мұғалім ауырып қалды деді. Сенің сабаққа келмеу себебіңді Пак мұғалім қайдан біледі? Сен сасқалақтап қалдың. Ішіңнен “одан да мен жайында үндемей-ақ қоюы керек еді ғой ” деп, ашуланып та үлгеріп жатырсың. Сол сәтте дәріханашы саған: — Сізден 740 вон. Дегені сол сен сұрақтан жалтарғандай: — Мінекейіңіз, - деп, теріс қарадың да: — Қыздар, қазір менің уақытым аз. Сұрақтарыңды келесі жолы қоярсыңдар, - деп, өзіңше кетпек болғаныңда. — Ей, Чон С/а, ертең емтихан екенін ұмытпа. Сенің кесіріңнен келесі аптаға қалар жайымыз жоқ. — Көреміз, - дедің де, кетіп қалдың. Басыңдағы проблемаларың аздай, Чиминмен болған жайтты қосып алдың. Енді бар ойың — жүкті болып қалмасам екен деген болды. Чимин фотосессиядағы сенің суреттеріңді мантаждап отырды. Бұл фотолар расымен өзге моделдердің жұмысынан да артық болды. Бөлек аураға ие еді. Чимин дайын суреттерді компания агенттігінің почтасына жіберіп жатқанда есік қоңырауы естілді. Чимин орнынан атып тұра, есікке ұмтылды. Ол сірә сені келді деп күткендей. Бірақ есікті ашқанда қарсы алдында Шимён тұр. ( Шимён — алғашқы бөлімде сен танып қалған иығында адам бас сүйегінің татуы бар сыныптас қызың.) Чимин түсінбей қала: — Шимён? Түнделетіп не істеп жүрсің? — "Кір" демейсің бе? Чимин жан-жағына қарап, амалсыз ішке кіргізді. Шимён үйге кіре салысымен, тура бір өз үйінде жүргендей диванға отыра кетті де: — Жалғызсың ба? — Неге келдің? — Неге сонша дөреке көрінесің? Бұрын мұндай емес едің. Мені жылы қарсы алып... — Шимён, қазір мен жұмыс жасап жатырмын. Саған көңіл бөле алмаймын. Шимён орнынан тұрып, Чиминнің мойындарына асыла: — Қане, біраз фотосессия жасайықшы. Чимин қыздан қашқақтағандай: — Қазір фотосессия уақытша тоқтап тұр. Қолдағы бар жұмысты компанияға жіберіп жатырмын. — Рас па? Ооу, онда мен де бармын ба? Қане, көрсетші, - деп, Чиминнің жұмыс бөлмесіне ағылғаны сол, Чимин оны тоқтатып қала: — Қазір емес. — Не? Қаламайсың ба? — Ол жақ шашылып жатыр. Бір шешім шығып жатса, журналдың мұқабасынан көрерсің. Әзірге бұл құпия. — Солай ма? Жақсы ендеше. Білесің бе, Чимин? Сен туралы мектепте қандай әңгіме жүріп жатыр. — Қандай? — Мектептің бәрі сенің бойдақ екеніңнен хабардар. Әрбір екінші қыз сені ұнататынын біліп па едің? Чимин ешқандай реакция көрсетпей: — Бұның бәрі жасөспірімдік кезеңдегі өтпелі нәрсе. Бұл мені қызықтырмайды. Шимён сөзін жалғап: — Солай ма? - мырс етті де: — Сөздің ашығына келсек, маған біраз ақша қажет. — Менен соны сұрап келіп тұрсың ба? — Мен сені жақсы түсінемін, Чимин. Жассың, басың да бос. Қызың... Оның барына сенімді емеспін. Мүмкін... - деп, Чиминнің түймелеріне қолын жүгірте бергенде, Чимин теріс қарап қала: — Кеш болып кетті, Шимён. Үйіңе қайт. — Қойшы енді. Білемін ғой сені. Сен мұны қалап тұсың. Уайымдама, арамызда қалады. — Шимён! — Қаласаң, үйге қайтар жолда жасайық. Маған бәрібір, - бет қайтарар түрі жоқ. Чимин: — Қыздығыңды алдырып қоюдан қорықпайсың ба? Бұл жайында ата-анаң естісе, "болашағым не болады" деп ойламайсың ба? Мұны айтып тұрған Чиминнің сөздеріне автордың өзі таң. — Ал сен байқап көр. Бұл екеуміздің арамызда қалады, - деп, Чиминнің еріндеріне жанаса кетті... Үйге келісімен дәрілерді өкіртіп бірінен соң бірін ішіп алдың да, диванға сылқ құлай: — Үсті-үстіне қарбаласып кетті ғой. Бұл менің сол бір қисынсыз келісімге келгенімнен бе? Ешқандайда презентация да жоқ. Мен қателесіппін. "Ақша бәрін шешеді" деген өтірік сөз екен, - көз жасыңды нәзік сығып алдың да, үстіңдегі мектеп формасын шешіп ала, кір жуғыш машинаға салып жібердің. Дәл Америкалық фильмдегідей тек іш киіммен қалдың. Соңғы рет үйден ашумен кетіп қалғанда, үстіңде сол бір мектеп формаң ғана болған еді. Өгей шешең сені екі күннен бері бір іздеген жоқ. “Менсіз қайта оған жақсы шығар” деп ойладың. Телефоныңды қайта қосқаныңда, Чиминнен бірнеше қоңыраулар келіпті. — Әдетте, мұндай ситуацияда ерлер басын алып қашушы еді. Бірақ дәл қазір мен қашып жүрмін. Бет жоқ... Онымен отырып сөйлескенім дұрыс па екен, әлде... Таңертеңгісін бәрін жиыстырып қойып, мектепке шықтың. Әдеттегі айналаңа деген жиіркеніш сезімі енді өзіңе ауысқандай. Дәл қазір өзіңнен басқаны көре алмай тұрсың. Автобустар мектеп аялдамасына тоқтады. Шаштарыңды бетіңе түсіре, жолай Чиминді көріп қалмасам екен деген ой болды. Тура сен ойлағандай. Чимин көзіңе шалысқан жоқ. Дәлізбен өтіп отырып, екінші қабатқа келгеніңде, алдыңнан паралель сыныптың қыздары шыға келді де, бірден сені дәретханаға сүйрей жөнелді. Қыздар дәретханасына кірген бойда сені қабырғаға қарай итеріп жіберді. Сен барып сол иығыңмен қатты соғылдың. — Кеше мен сені көрмедім ғой. Қайда болдың?! - деді, ішінде қатайған бір қыз. — Президенттің қабылдауында, нақұрыс! - дедің күліп. Әлгі қыз тіпті ашулана: — "Нақұрыс"? Ей, мынаның тілін өлшеңдерші. Қанша метр болып кеткен өзі? - деді жанындағы қыздарға қарап тұрды да, басыңнан салып қалды. Артқа қарай бір-екі қадам жасап қала: — Осы-ақ па? Шыбын шаққандай емес. Мен тура циркте отқандаймын, - деп, қарқылдап күліп кеттің. Бұл қарсыласыңды психологиялық түрде сындырғандай едің. Олар саған бірден жабылып кетті. Мүмкін, шыдар ма едің? Егер олар сенің ішіңнен теппегенде. Жан дауысың шықты. Бірде дәретхананың есігі сарт ашылды да, Чимин ішке кіріп келе қыздарды сенен ажыратты. Жерде екі бүктеліп жатқан сен екеніңді көргенде, Чиминнің көздері шығардай болды. Қыздар кетіп қалғаннан кейін Чимин сені жерден тұрғыза бастады. Сен: — Кеет! - деп, айқай салдың. Чимин түсінбей қала: — С/а, - сағвн қолын тигізейін деп еді. Қолын қағып жібере: — Мен саған" кет" дедім! - дегеніңде дәретханаға оқушылар кіріп келді. Екеуіңді көргенде таңданып қалды. Чимин: — Есікті жабыңдар! - деп, екпінді сөйлегені сол әлгі оқушылар есікті жауып, шығып кетті. Чимин сені көтеріп ала, медпункке апарды. Ол саған ләмим демеді. Сенің қайда болғаныңды да, неге ашуланып жатқаныңды да сұрамастан, медбикеге тапсырып кетті. Емтихан басталамын дегенше дәретханадағы оқиға мектепті шулатып жатыр екен. Медбике саған ауырсынуды бастатын екпелерін салып, аяққа тұрғызып берді. Емтихан өтіп жатқан кәбинетке келсең, ол ендігі басталып кетіпті. Бірақ сенің жағдайыңнан құлақдар болған мұғалім, ішке кіруге рұқсат етті. Барлығының көзі сенде. Ойларынша — сен Пак мұғалімнің назарын өзіңе аудару үшін осылай жасадың десе, енді бірі "махаббат үшін құрбан болған ақымақ" деп сөз етіп үлгеріп жатты. Олардың назары сенде екенін іштей сезіп отырсың. Бірде ішке Пак мұғалім кіріп келді. Ол саған топтың арасынан көз жүгіртіп үлгеруде. Ал қызғаныштан күйіп бара жатқандары саған бір, Чиминге бір қарауда. Сен басыңды төмен қаратып, емтиханды жалғастырдың. Чимин сенің аман-есен екеніңе көзі жеткеннен кейін кетіп қалды. Бір сағатқа ұласқан емтихан әйтеуір қаламсаптың ақ қағазда жүгірумен аяқталды. Барлық оқушылар қағаздарын өткізіп, сыныптарына оралды. Әдеттегі іш пыстырарлық сынып аурасы сені тарта қоймады. Әлгі дәретханадағы оқиғадан кейін ішің әлі ауырсынып тұрды. Бірде бір жігіт: — RichMan журналы жайында естідіңдер ме? — Аайщ! Неге мұны сабақ үстінде айтып отырсыңдар? — Осы жолғы шығарылымның модельдері азиаттық болады дейді. Мұны мақтаныш дейін бе, әлде ұят дейін бе? - деп, сынып шуласып жатты. Бір бұрышта үнсіз құлақ түріп отырған сенің жаныңа бір сыныптасың келіп: — Бұл сен бе? - деді, екі қолын айқастап. Сен басыңды көтермей-ақ оның кім екенін дауысынан ақ ұқтың. — Не керек? — Бұл расымен сен бе? - деді, сұрағын қайталай отырып қолындағы телефонындағы фотосуретті көрсете отырып. Басыңды ақырын көтеріп, суретке бір қарадың да: — Мүмкін, - дедің, қайта басыңды түсіріп. Әлгі қыз: — Ол саған қыз ретінде қарайды деп ойлайсың ба? Пак мұғалімге қандай қыздардың ұнайтынын жақсы білемін, - деді өзіне сенімді. Жанындағылар: — Қандай? Оған қандай қыздар ұнайды? - деп, қызығушылық білдіруде. — Мен сияқты, - деді Шинмён, сыныпқа кіріп келіп. Бәрі қарап қалыпты. Ол өте ашық киінген, шаш жайылған, беті бес тонна бояу. Шинмён сөзін жалғап: — Мен оның үйін білемін. Сосын, сендерге бір қызық айтайын ба? Бәрі іштері жарылып кетердей күтіп тұр. — Біз төсектес болдық, - деді, риза болып. Осыған дейін бірі де саған қызық болмаған, мына жаңалықты естігенде көлің бүлк ете қалды. Орныңнан тұрып: — Ертегі ұнады ма, балалар? Мен кеттім, - деп, заттарыңды жинап, сабақ үстінде кетіп қалдың. — Ақымақ, өзіңе қарамаған соң көре алмайсыңда, - деді мұрын шүйіре қараған Шинмён. — Оған кім қарасын?! - деді күліп. Сен жай ғана сыртқа шығып кеттің. Мектеп ауласынан шығып бара жатып, Чиминнің көлігін көзің шалып қалды. Сөмкеңнен бір жапырақ қағаз алдың да, боқтау сөздер мен енді көріспеу туралы хат жазып, оны бір тасқа орадың да, тура алдыңғы терезесіне ұрып қалдың. Әлгі тас терезенің ішіне жартылай кіріп тұрды. — Құрып кет! - деп, дөңгелегін бір тебе кетіп қалдың. Қай уақытқа дейін бөлек тұруыңа ақшаң жетеді? Одан да оны болашаққа сақтағаным дұрыс деп шештің де, нар тәуекелмен үйіңе қайттың. Сені құшақ жая, жылы қарсы алатын адамың болмаса да, күн сайын құлақ етіңді жейтін өгей шешеңнің саған сөйлемегенінің өзіне риза болушы едің. Үйден дабырлаған дауыстар шығып жатыр. Әй, қойшы. Кім келіп, кім кетпей жатқан үй деп бөлмеге тіке өтіп бара жатқаныңда өгей шешең: — Тірі екен ғой өзі, - деді жақтыртпай. Көз қиығыңмен бір қарағаныңда, апаң жалғыз емес екен. Жанында бір жігіт отыр. Сен де қасарысып: — Өкінішке орай... - деп, жоғары көтеріліп кеттің. Апаң жанындағы балаға: — Оған мән берме. Өзі сондай бетімен кеткен қыз. Қарның аш емес пе? Не жегің келеді, - деді еркелете сөйлеп. Саған бұл дауыстардың бәрі естіліп тұр. — Қай құйыршықты ертіп келген тағы? Ойына келгенін істейді осы әйел, - деп, ашулана құлаққабыңды тағынып ала, төсегіңе құлай кеттің. Өгей шешеңнің жанындағы жігіт саған қарама-қарсыдағы бұрынғы әкеңнің бөлмесіне орналасыпты. Біраз уақыт өткеннен кейін кеш те түсіп үлгерді. Әдеттегідей ақшаның соры апаң, құрбыларымен кетті. Шығып бара жатып: — Балалар, кешкі астарыңды ішіп алыңдар! - деп, кетіп қалды. Сен әдейі оның дауысын тағы естімес үшін калонкамен бақыртып музыканы қосып қойдың. Әуеннің дауысы жанғырып жатыр. Аяңдай бөлмеңе келген әлгі қонақ жігітті де аңғармай қалыпсың. — Кешір, дауысын сәл баса аласың ба? - деді, сыпайы түрде. Сен оның сызылған дауысын естіген де жоқсың. Әлгі жігіт сөзін тағы қайталап еді, сен оның тура артыңда тұрғанын сездің. — Аа! Аздаған үнсіздіктен кейін. — Сені шошытайын демедім. Кешір. — Мұнда не істеп жүрсің? Бір жола қалатындай көшіп жүрсің ғой заттарыңмен, - жақтыртпай. — Біріншіден, таныс болайық. Есімім —Ёнджун. — Керек еді есімің. Сенен "мұнда не істеп жүрсің" деп сұрадым. — Жақсы... - сенің мінезіңді былай-былай түсінген Ёнджун: — Мен Тэгуден келдім. Осында оқуымды ауыстырып жатырмын. — Содан? Тек осы жерде бір жола қаламын демеші. — 5 жыл... — О, Құдайым! — Апаңмен араларың нашар секілді ғой. — "Апаң"? Анау ма? Ол менің апам емес. Жеке мәселеге өтетіндей біз сондай жақын емеспіз. Жайыңа бар, - деп, шығарып жібердің. Ёнджун — өгей апаңның сіңілісінің ұлы. Тэгудегі оқуын Сеулге ауыстыру мақсатында осында келген болатын. Өнер академиясының архитектура бөлімінің екінші курс студенті. Қызық... Бүгін Чимин төбесін көрсеткен жоқ. Шимённың ақылға қонымсыз сөздеріне есің кетіп, "расымен олар төсектес болды ма?" деген ойға келдің. Олай емес дейін десең, Чиминнің саған жасағандары тағы бар. — Түкіргенім бар. Осылай мүмкін дұрыс та шығар, - деп, жатып қалдың. Жалғасы төменде: ⤵️ #Calvin_Klein