#BTS_FANFIC_QRF                    ❗2-МАУСЫМ❗ ♨️ I HATE U, I LOVE U. ♨️ Басты кейіпкерлер: Хо С/а, Чон Чонгук, Пак Чимин. Қосалқы кейіпкерлер: Хо мырза, Хани (қызметші), Чон Хэри, Чон мырза, т.б Жанр: романтика, драма, ангст. Бөлім саны: белгісіз. Автор: #Кэтлин_Лау Пролог: Оттың артынан түтін шығатыны сияқты, неке де махаббатқа ереді емес пе? Арада шамамен бір ай өтті. Осы уақыт ішінде әкеңе жиі барып тұрдың. Тіпті, таңғы және кешкі сапарлар сенің күнделікті кестеңнің ажырамас бөлігіне айналды. Ауруханаға ылғи да Чонгукпен баратынсың. Бірде балалық шақты еске түсіріп, қызу әңгіме айтып, әңгіме аналарға тиген кезде, жігіттің жүзі күрт өзгеріп сала беретінін байқадың. Сен ойлағандай, оның анасына бірдеңе болғаны анық еді. Бірақ, не? “Егер ол қаласа, бір күні маған бәрін айтып береді” деп ойладың сол сәтте. Бүгінде әкеңді ауруханадан шығару жайлы хабарды естіп, жүзің балбұл жайнап сала берді. Қатты қуанғаннан төсектен атып тұрып, Чонның бөлмесіне қарай жүгірдің. Бөлмеге кіре сала, төсектің жанында тұрған денесі жартылай жалаңаш жігітті бас салып құшақтап: — Чонгук, әкем бүгін шығатын болды. — Ақырын, ақырын.. - деді жігіт тынысы тарылып. Сол кезде, жігіттің мойнына асылып алғаныңды көрдің. Оның жалаңаш денесін көргенде, одан бетер титықтап, қолдарыңды алдың. — Ой, кешір! - оған жалт-жұлт етіп қарап, қай тесікке кіреріңді білмедің. Чонгук сені қайтадан кең құшағына қысты да: — Ұялған саған жараспайды, қымбаттым. Біз әлгінде... — Доғар! Мен байқамадым, әдейі емес. — Апыр-ай, а! Мен үміттеніп қалып едім, - деп күлді де, ц