#NOFA_goodmorning_18 | #banshee? - Бүйткен қаласы құрсын! - үлкен дорбасын ұстаған Жамиля, жол шетімен жүріп келеді. Артындағы көліктер бипылдатып, айғайлап жатса да, оған мән берер емес. - Қарындас, мұнда жүруге болмайды. Сіз көліктерге кедергі келтірудесіз, - терезеден басын шығарып, айғайлай. - Туф мынаның да аузы жабылмады ау. Жапшы эй аузыңды! Үйіме жетіп алайын, - алба - жұлба болып, көзіне түсіп кеткен шаштарын ысыра. - Қарындас, жаяу жүргіншілер жолымен жүрсеңізші! - Ой, кесапат екен мынау да! - бұрқылдап сөйлей. - Эй, мен сенің қазір быт - шытыңды шығарамын. Мынау таспен басыңды жарамын, - жерде жатқан тасты көтере. - Мынаның есі дұрыс емес ау, - жүргізуші қызды айналып жүріп кетті. - Ешак! - тасын жерге лақтыра. - Тфуй ептваймать! Мына маңқа қайда жүр, а?! Күтіп аламын деп еді, әлі жоқ қой! - Жамиля, - ар жақтан Дулат айғайлай. - Оо, мына маңқа келе жатыр, - Дулатқа жақын келе. - Қалайсың эй! - Дулаттың арқасынан қағып қалды. Дулат байқұс ұшып кете жаздады. - Ой, бишара. - Каблукпен носки киіп алғанбысың? - Жамиляның аяғына біртүрлі қарай. - Аяғым қақсап, суық тимесін деп киіп алдым, - ыржия. - Ааа, - Дулат ыңғайсызданып қалды. - Сен немене бәле женси киіп алғансың? Ауыңмен жер сыпырып жүрсің ғой, байқұс, - Дулатқа аянышты көзімен қарай. - Тренд қой.. - Құдай сақтасын! Алдында келсем киімің жоқ адам ұқсап жыртық киіп жүрдің. Ендігі киіп алғаның мынау, ішіне өзіңдей екеуі сияды ғой. Масқара! - бетін ұстай. - Кхм.. Үйге жүр, сені күтіп отыр уже, - жол көрсете. - Ұсташы мынаны, - қолындағы дорбасын Дулатқа бере салды. - Ішінде қойдың байы, еттің майы, еттің өзі барлығын алып келдім. Жеп - жеп семірмеймісің, сүйегің теріңе жабыспай, - Дулаттың алдына түсе. - Бәсе, бағанадан бері үстіңнен ненің иісі шығып тұр деп қоям. Май сасып тұрсың, фөқ.. - Бірдеңе дедің бе? - А жо - жоқ, ештеңе. Жейміз ғой деймін, - өтірік жымия. - Өліп қалмасақ әрине.. Ал менен өтпей қалған комедия? Қайырлы таң❤