#NOFA_story_18 | #banshee? My place is not here? Қара түнек. Әр жерде өсіп тұрған жалаңаш ағаштар. Жерде бір өсімдік жоқ, тек тығыздалған қара топырақ. Айналада үстеріне қара жамылғыш киген, көздері қып - қызыл тіршілік иелері. Ия, бұл вампирлер мекені. Есікті бар күшімен ашқан жас бикеш, кабинетке кіріп келді. Сол ақ екен барлығы бірдей орындарынан тұра қалды. - Қайырлы таң! - барлығы бірдей. Бикеш суық жанарымен бір қарады да, жандарынан өте шықты. Жеке кабинетіне кірген бойда орындыққа отыра кетті. - Уфф.., - көзін жұма. Сол ақ екен кабинетке көмекшісі кіріп келді. - Ханым, сізді әке..бас билеуші шақырып жатыр. Бикеш ала көзімен қарады. - Бос емес деп айт! - Бірақ ханым, бүгін сізде айтарлықтай көп жұмыс жоқ, сондықтан 5 минутта болады деп айттым.. - Менен басқаның бәрі би әйтеуір! - көмекшісін итере, шығып кетті. Тыныштау жерге барды да, саусағымен шертіп қалып еді, керек жерінде пайда болды. - Ия, не мәселе менсіз шешілмейтін, - үстел алдындағы орындыққа жайғаса. - Эдриан, саған бұл тәсілді қолданба деп ескертіп едім ғой! - Пап! Мен кішкентай қыз емеспін ғой, - көзін айналдыра. - Жә - жә, жарайды. Саған маңызды тапсырма бар, - қолындағы қаламсабын үстел үстіне қоя. - Адамдар әлеміне барып, мен үшін 1 2 нәрсені біліп қайтшы. - Сен тағы бұрынғы әдетіңе басқанбысың? Жақсы, тек бұл соңғы рет! - есікті "тарс" жаба. Лифтке ұқсас есік. Осы есік арқылы 2 әлем арасында алмасу орын алады. Есік алдында тұрған Эдриан, онда бірінші рет болғалы тұрғандай қобалжып тұр. Іші алай - дүлей, біртүрлі бір сезім билеуде. Аяқтары дірілдеп, өз - өзін ұстай алар емес. Әдетте, вампирлерде "сезім" болмайды. Сондықтан болар, қазір ішінде болып жатқан нәрсе біртүрлі таңсық көрінді. - Маған не болып жатыр өзі? Жинақталсаңшы! - өз - өзіне ұрыса. Ауыр жұтынды. Демін ішіне тартты да, лифт ішіне ене кетті. Қала ортасы. Сол баяғы күйбең тіршілік. Анда - ағылып жатқан адамдар, күндіз - түні үзілмейтін көліктер. Неге екені белгісіз бұл жақтың атмосферасы Эдрианға ұнап барады. Эдрианға айналасы сондай ыстық, жарқын көрінді. - Бұл жер сондай жарық, - тамсана. Адамдар әлеміне бірінші рет келіп тұрмаса да, әр келген сайын бірінші рет келгендей таңдана қарайды. Бір сәт барлығын ұмытып, өмірінің жаңа сатысын осы жерден бастағысы келетіндей күй кешеді. Сол Өз ойларымен арпалысып тұрған Эдрианды бір жігіт қағып кетті. - Ой, кешіріңіз.. - Кешіріңіз.., - екеуі бірдей. Эдриан жігіттің түсіп қалған сөмкесін көтеріп, жігітке ұсынды. - Сізді байқамай қалдым. Рахмет көп! - сөмкені ала, ары қарай жүгіріп кетті. - Батырхан Маликов.., - Эдриан жігіттің артынан қараған күйі, тұрып қалды. ~ Еске алу ~ Эдриан тағы да адамдар әлемінде жүр. Әкесінің тапсырмасы бойынша маңызды бір құжатты жеткізуі керек. - Мына мектептің аяғы бар ма жоқ па?! - жан - жағына алаңдай. - Сізге көмек керек пе? - артынан жігіттің дауысы естілді. - Директордың кабинетін таба алар емеспін, - ыңғайсыздана. - Жүріңіз, жол сілтеп жіберейін, - жігіт жымия. Эдриан үндеместен, жігіттің артынан ерді. - Жаңадан келген оқушысыз ба? - Әзірге жоқ. Мектеп ауыстырудамын, әзірше тек аралап, қарап жүрмін, - жеңіл жымия. Жігіт Эдрианды директордың кабинетіне дейін шығарып салды. - Көп рахмет сізге, - басын көтере. Тұнық, қоңыр көздер. Ерні жіңішкелеу келген. 3 секунд, екеуінің жанары түйісіп қалды. Бұрын соңды сыпайы сөйлеп көрмеген, алғаш рет жігіт алдында майысып тұр. - Оқасы жоқ. Сау болыңыз, - жігіт Эдрианға қол бұлғай, бұрылып кете барды. Эдриан әлі де өзіне келе алар емес. Жігіттің артынан қараған күйі, сол жерде тұрып қалды.. Вампирлер әлеміне оралған Эдриан, жаңағы жігітті іздестіре бастады. 2 күн уақытын іздеумен өткізіп, ақыры тауып алды. - Батырхан Маликов.., - жігіттің суретіне үңіле. ~ Еске алу аяқталды ~ Батырханның Эдрианды танымаған себебі: вампирлер жерге түскенде әртүрлі адам бейнесінде түседі. Арада 1 апта зулап өте шықты. Эдриан әкесінің берген тапсырмасын орындап, ендігі өз әлеміне қайтып кеткен. - Ұзағынан кеттің ғой. - Сен берген тапсырма айтарлықтай оңай емес. Ана әлемге үйрену де жұмыс, - қаннан ұрттай. - Жарайсың! - қолындағы құжаттарға қарай. - Осымен болса, мен демалайын, - енді шыққалы жатыр еді, әкесі тоқтатып қалды. - Тоқта! Саған тағы бір жұмыс бар. - Мен өліп барып құтылмасам, мына өмірімде маған тыныштық бермейтін секілдісің. Не тағы?! - бұлдана. - Бұл жолы құжаттар емес, бір адамның жанын алу керексің. - Тыңдап тұрмын, - екі қолын айқастыра. Әкесі үстел үстіне бір қағазды тастай салды. - Батырхан Маликов. Осыдан 5 жыл бұрын вампирлер әлемінен қашып кеткен. Қазіргі уақытта аса қауіпті қылмыскерлер қатарында. Барлық ақпарат мына қағазда, оқып өзің танысарсаң.. Жалғасы бар❤