#NOFA_elestetshi_18 | #banshee?
#Елестетші, аяқ - астында сынған ыдыстардың қалдығы. Үй іші астан - кестең. Жылай, мұрныңнан аққан қанды майлықпен сүртіп отырсың.
- Сұрқия! Кезінде балам саған емес, мен таңдаған қызға үйленгенде, мұндай болмас еді. Баламның басын айналдырып тиіп алып, отбасымыздың шырқын бұздың! - енең саған айғайлай.
- Балаңыздың менің көзіме шөп салғанына мен кінәлімін бе?!
- Ия, барлығына кінәлі мына СЕН! Көзіңе шөп салса соған дейін жеткізгенсің да өзің.
- Түк ұятыңыз жоқ екен! Жылдар бойы сіздің езгіңізге шыдап келдім, ешқашан сізге қарап аузымды ашқан емеспін. Сондағы айтқан рахметіңіз осы ма?! Бетіңе ащы шапалақ келіп тиді.
- Менің анама бұлай сөйлейтіндей кімсің сен? Орныңды біл, сенің бұл үйдегі дәрежең құлмен тең! - сені жұлқып, есік алдына алып келді. Есікті ашты да, киімдерің толған сөмкені лақтырып жіберді.
- Жоғалт көзіңді! - шашыңнан сүйрей сені есік сыртына шығарып жіберді де, өзі есікті "тарс" жапты.
#Елестетші, қалтаңда 1 тиын ақшаң жоқ. Автобуспен жүретін 1 сағаттың жерді жаяу жүріп келдің. Бет - аузыңның сау жері жоқ, киімің барлығы қан. Осы түріңмен ата - анаңның үйіне келдің. Неде болса жақындарым ғой, құшағына алып, көмек қолын созар деп үміттеніп келесің.
- Ойбай, елге не бетімді айтамын? Қызым қайтып келді дейін бе?
- Жәй қонаққа келді дей салыңыз. Мам, мен көпке келген жоқпын ғой. 1 2 күн болса да қалайыншы, - өтініп сұрай.
- Жоқ! Дәл қазір кетесің! Жоғалт көзіңді! Қызы қайтып келді деп, өсек - әңгімеге қалатын жағдайым жоқ!
#Елестетші, көздерің жасқа тола кетті. "Туған анам маған осылай айтып тұрса, басқалардан не мейірім күтпекпін?" деп ойландың. Өзіңді жинақтап, есікті "тарс" жауып кеткің ақ келіп тұр. Бірақ тамағыңда тұрып қалған өксік жіберер емес.
- Боздама! Қоқыр - соқырыңды ал да, кет үйімнен! Күйеу баламның аяғына жалынып кешірім сұра, кешірсе әрине, - саған жақтырмай қарай. Ішіңдегі сезімді айтып жеткізу мүмкін емес. Анаңның аузынан шыққан әрбір сөз, жүрегіңе біртіндеп сұғылған қанжардай. Тіл қатпадың. Көзіңдегі жасыңды сүрттің де, сөмкеңді көтеріп, үйден шығып кеттің.
#Елестетші, қараңғы түсіп қалған уақыт, саябақ іші. Ойың сан - саққа кетіп, "жақындарыңның" айтқан сөздері жегідей жеп барады. Балаларын ертіп жүрген ата - ана, уақыттарын бірге өткізіп жүрген ғашықтар. Олардың бал - бұл жайнаған жүздеріне қарап, "маған бақытты болу бұйырмағаны ма?" деп ойланып қоясың. Айналаңның барлығы бақытты, сенің ғана маңдайыңа қиындықты төгіп бергендей. Өз ойларыңмен арпалысып жатып, қалай ұйықтап кеткеніңді білмей қалдың.
#Елестетші, сені полиция қызметкері оятып алды.
- Ханым сізде барлығы дұрыс па? - ақырын иығыңнан түрте. - Бұл жерде ұйықтағаныңыз болмады, ауырып қаласыз. Ақырын орныңнан қозғалдың. Денеңнің барлығы тырысып, ауырып қалыпты.
- Менімен бірге бөлімшеге жүріңіз, - бір қолына сөмкіңді көтерді де, екінші қолын саған созды. Қызметкердің қолынан қысып ұстап алдың.
- Ия, не жағдай? Айта отырыңыз, - саған шәй ұсына. Жылап жібердің. Кешегі шықпай қалған реніш, айтылмай қалған сөздердің барлығын шығарып алғың келді. Танымайтын адамның алдында "мынаның есі дұрыс па?" деп айтама деп қорықтың.
#Елестетші, орнынан ақырын көтерілген қызметкер, сені құшақтай алды.
- Уайымдамаңыз, мен жаныңыздамын! - көзіңдегі жастарыңды сүрте. Екеуің 1 сағаттай сырластыңдар. Қызық ия? "Сүйікті жарым" деген адамың сезіміңді аяққа таптады. Тіпті туған анаң елдің өсек сөзінен қорқып, сені үйден қуып шықты. Үміттеніп барған адамдарың сенен теріс айналып, танысқаныңа 2 ақ сағат болған жанға мұңыңды шағып отырсың.
- Айтпақшы, есімім - Азамат, - күле, саған қолын созды. Күліп жібердің.
- Айсель, - ақырын оның қолын алдың.
#Елестетші, арада 1 жыл зулап өте шықты. Азамат сені серуендеп қайтуға шақырған болатын. Үстіңде жазғы жеңіл көйлек, шашыңды бұйралап алдың.
- Сондай әдемісің, - сені үй алдынан күтіп алған Азамат, тамсана. Ұяла, басыңды төмен салдың. Саябақ іші. Дәл 1 жыл бұрын осы жерде Азаматпен танысқан болатынсыңдар. Сол уақытта, өмір қара түнек секілді көрінген еді. Қазір барлығы өзгерген, бақыттан бал - бұл жайнап жүрсің.
- Мен қазір.., - Азамат бір жаққа жүгіріп кетті. Сол ақ екен, саябақтағы жарық сөніп қалды, тас қараңғы.
- Азамат! - даусың дірілдей, қорқып тұрсың. Сол сәтте, алдыңнан шамдардан жол ашылды. Орныңнан тұрып, шамдар көрсеткен жолмен жүре бастадың.
#Елестетші, Азамат алдыңнан шықты. Қолында үлкен аю мен букет гүл.
- Есіңде ме? Осы саябақта екеуміз алғаш танысып, кейін біраз уақыт сырласып едік. Сол сәттен бастап, жүрегімнен орын алып едің, - алдыңа тізерлеп отырды. - Жүрегімде мәңгілік тұрақтағаныңды қалаймын. Менімен бірге үлкен өмірге қадам жасауға дайынсың ба? - қалтасынан жүзігін шығара.
- Өңім бе, түсім бе? - таңғалып тұрсың.
- Сонымен?
- Әрине, ИЯ! - секіре. Азамат сені құшақтай алды.
- Мен сені сүйем, - ерніңе жанаса кетті. Қиын сәтте қол үшін созған белгісіз жанның өміріңдегі маңызды адамға айналарын кім білген десеңші..