#NOFA_story_18| #cherry?
Жалғызбасты әке
—Жоқ! Менде сенімен барамын!- әкесіне қырсығып тұрған 6 жасар кішкентай Алихан.
— Алихан, қазір менің айтқанымды тыңдамасаң, мен сенің қалаған заттарыңның ешқайсында әпермейтін боламын! Сондықтан күтушіңнің қасында қаласың.
— Жоқ!- Алихан қолындағы су құйылған ыдысын жерге лақтырып, сындырып тастады.
— Алихан!- Дулат дауысын сәл көтеріп еді, кішкентай ұлы Алихан жылай бөлмесіне жүгіріп кетті. Ал Дулат болса жиналысқа асығыс еді. Галстугын таға салысымен Дулат төменге түсті. Өзінің бала күтушісіне келіп:
— Алиханға бас көз болыңыз. Жиналысқа мен оны өзіммен бірге әкете алмаймын. Әдеттегідей тамағын бере саларсыз. Сіз оны жақсы білесіз ғой, өзіңізге тапсырдым,- Дулат үйден асыға шығып кетті. Көлігіне отыра бірден компаниясына бет алды.
Дулат - 26 жасар жалғызбасты әке. Әйелінің неге жоқтығын алда біле жатарсыздар. Дулат әкесінен мұра болып қалған компанияның басшысы. Қазіргі таңда Алматы бойынша ең атақты компаниялардың топ 1 інде тұрған компания осы Дулатқа тиесілі.
Алихан- 6 жасар кішкентай ұл. Дулаттың туған баласы. Кішкентай кезінен бері анасыз өскендіктен мінезі сәл ауырлау. Өзімен қатарлас басқа балалар сияқты анасымен бірге уақыт өткізуді армандайды.
— Егер сіз бұл келісімшартқа келіссеңіз онда алда бізден жақсы нәтижелер шығатынына кәміл сенімдімін Дулат мырза.
— Кешіріңіз Қанат мырза. Алайда сіздің ұсынып отырған идеяңыз менің компаниям үшін тиімсіз деп санаймын. Сондықтан да мен сізбен келісімшарт жасаудан бас тартамын,- Дулат жұмыс барысында өте қатал еді. Бұл компания әкесінен қалған жалғыз мұра болғандықтан, Дулат өзінің әр басқан адымын аңдып басатын. Және осы компания мен Алихан үшін жанын беруге де әзір еді.
— Дулат мырза, егер жиналысыңыз аяқталса сізді бірер минутқа болады ма?- жас қыз Дулатты шақыра. Дулат үнсіз қыз шақырған жаққа беттеді.
— Тыңдап тұрмын?
— Мен кешегі сіз жасаған хабарландыру жайлы, мен бір қыз таптым. Бизнес жағыннан да, тіл жағынан да тәжірибесі мол сияқты. Осыған дейін “Каусар” компаниясында жұмыс жасапты.
— Маған дәл қазір оның резюмесін әкеліп беріңдер. Өз кабинетімде боламын,- Дулат бұл қызға бірден қызығушылық танытты. Себебі “Каусар” компаниясы да осы Алматы бойынша топ 5 тіктің қатарында еді.
Араға уақыт салдырмай Дулат ол қыздың резюмесін алды. Арлы-берлі 3 рет оқығаннан кейін:
— Қызды маған шақырыңдар, не бүгін не ертеңнен қалмай келсін,- Дулат осы жолы тез шешім қабылдағандай болды. Әдетте өзіне жұмысшылар іздегенде көп ойланатын еді.
— Жоқ ішпеймін тамақты! Маған тәтті әкеліп бер,- Алихан өзінің қырсықтығын күтушісіне де көрсететін еді. Дулат оған тәттілік заттарды жеуге тиым салса да, Алихан үнемі тәтті заттар беруін сұрайтын.
— Болмайды сізге тәтті заттар кішкентай мырзам. Әкеңіз ондайға тиым салғанын екеуіміз де білеміз,- деген сәтте Алихан сорпаны күтушінің үстіне төге салды. Ашуға қатты берілді ме, күтуші оны шапалақпен бір салып қалды. Енді арты не болатынын түсінгенде олда үнсіз бөлмеден шығып кетті.
Осылай Дулаттың да бүгінгі жұмыс күні аяқталды. Алиханға жолай жемістер алып, үйге келді. Бірақ әдеттегідей Алихан алдынан жүгіріп шықпады. Таңертеңгі жағдайдан ренжіген болар деп ойлаған Дулат:
— Алихан әлі бөлмесінде ме? Тамақтандырдыңыз ба?
— И ияя, әлі бөлмесінде. Сорпасын толық ішпеді,- күтуші кібіртіктене сөйлей алмай.
— Сізде бәрі жақсы ма?- деген Дулат өз сұрағына жауап ала алмады. Кейін бірден Алиханға бет алды. Ол әлі бөлмесінде жатыр екен.
— Ұлым, мен саған сенің сүйікті жемістеріңді әкелдім,- бірақ Алихан артына бұрылмады. Дулат оның бұл әрекетіне таңырқап, одан бәрін ашық сұрауды жөн санады. Кейін Алихан оған болған оқиғаның бәрін баяндап берді.
— Сенікі де дұрыс емес балам, ондай мінезіңді бәріне көрсету жөнді нәрсе емес. Сен ер жетесің, сондықтан бұндай қылықтарыңнан арыл,- Дулат өзінің ашуын Алиханның алдында барынша ұстауға тырысты.Кейін бірден бала күшушіге бет алды.
— Асель ханым, сіздің бұл әрекетіңізді қалай түсінуге болады? Мен сізге баланы сеніп тастап кеттім, анасы жоқ екенін біле тұра, анасы болған жағдайда да, сіздің оған қол көтеруге құқығыңыз жоқ! Міне ақшаңызды алыңызда дәл қазір мына жерден көзіңізді құртыңыз!- Дулат бар дауысымен бала күтушіге айқайлап, ақшасын бетіне шашты да, оны жұмыстын босатып жіберді. Бала күтуші де өз қатесін түсініп үнсіз тұр. Ал бұның бәрін сырттай тыңдап тұрған еді. Анасы жоқ деген бір ауыз сөз оның жүрегіне қатты тиіп кеткен еді. Көзі жасқа тола кішкентай бүлдіршін сол жерде жылап жіберді. Дулаттың назары сол сәтте Алиханға түсті.
— Ұлым не болды?- Дулат оған жүгіре жөнелді.
— Неге менің анам жоқ?- кішкентай Мухаметкалиев мырза жылай.
— Сенің анаң бар. Ол қазір сәл демалуда. Уәде беремін мен сенің анаңды алып келемін,- ұлының бұл сөзі жүрегіне қатты тиген Дулат, баланы қалай жұбатарын білмеді. Іштей іші алай-дүлей болуда.
— Жүре ғой балапаным. Бүгін сенің сүйікті тәттілеріңді жеуге рұқсат берем. Екеуіміз бірге мультфильм қарауға барамыз,- Дулат оны киіндіріп сыртқа алып шықты. Анасының жоқтығын барынша білдірмеуге тырысса да, қоғам оны Алиханға барынша білдіретін еді. Тіпті балабақшаның өзінде.
Дулат пен Алихан бүгінгі кешті керемет өткізді. Бұл қыдырудан кейін Алихан шаршап бірден ұйқыға жатты, ал Дулат ертеңгі келетін менеджер қызға бірнеше жоба қарастырып олда ұйқыға жатты.
Таң атысымен Дулат ертерек оянып, таңғы ас әзірледі. Енді менеджермен қоса бала күтуші іздеуіне де тура келген тәрізді. Дулаттың таңғы асы дайын боламын дегенше, Алихан да ұйқысынан оянды. Дулат таңғы асты үстел басына дайындап, Алиханды жуындырды. Кейін екеуі асықпай таңғы асты ішіп алды.
—Бүгін мен сені компанияға ертіп апарамын. Тек бұзақылық жасамаймын деп уәде бер!- Дулат қабағын қатқылдата. Алихан жымия басын изеді. Екеуі бірге көлікке отырып жұмысқа қарай беттеді. Компанияға келе салысымен Дулатың алдынан жұмысшылар шықты. Оның хатшысы бірден алдынан шыға:
— Сәлеметсіздерме Мухаметкалиев мырзалар. Дулат мырза кешегі менеджер қыз сізді күтіп отыр.
— 5 минуттан кейін менің кабинетіме жібер,- Дулат ұлымен кабинетке бет алды. Бұл қоғамдық орта және қоғам болғандықтан Дулаттың жалғызбастылығы жайлы айтылмай қалу мүмкін емес еді. Жұмысшылардың сырттай өсегін құлағы шалса да, Дулат оларға мән бермейтін еді.
Арада 5 минут өткен соң Дулаттың кабинетінің есігі қағылды.
—Кір!- деген бойда ішке таныс бейне кірді.
—Салеметсіз бе? Мен менеджер болуға ұсыныс жасап келіп едім,- Дулат қыздың жанарына ұзақ қарады. Бірақ бұл ол ойлаған адам емес, тек соған ұқсайтын ару болды. Сондада мұндай ұқсастықтан Дулат сәл таңырқап қалды.
— Салеметсіз бе? Бірден іске көшсек. Резюмеңмен таныстым. Екі күн қабілетіңді тексерейін, кейін көре жатармыз.
— Жақсы,- С/е өзіне тесіле қарап отырған кішкентай балаға бір бұрыла. Келгеннен бері баланың өзіне қарап отырғанын сезсе де, ештеңе демеді.
— Бүгінше компаниямен, ұжыммен танысыңыз. Карина бәрін сізге көрсетеді. Боссыз,- қыз кабинеттен шыға сала Алихан әкесіне жүгіріп келіп:
— Ол менің анама қатты ұқсайды.
—Не? Сен оны қайдан білесің!- Алихан бұрын соңды анасының жүзін де, суретін де көрмеген еді. Алайда С/е шынымен оның анасына ұқсайтын.
— Мен сенің папкаларыңнан екеуіңнің бірге түскен суреттеріңді көрдім. Сендер сондай бақытты болдыңдар. Бірақ менің анам қайда? Ол қайтыс болды ма?- деген сөздерден Дулаттың жүрегі дүрсіл қақты. Айтуға сөз таба алмай кідіріп қалды.
—Ұлым, кейін сен ер жеткен кезде бәрін түсінесің. Мен сенен ештеңе жасырмаймын, бірақ саған әлі сәл өсу керек,- деді Дулат.
— Егер мені шын жақсы көрсең, жаңағы тәтені жұмысқа ал. Мен оны өз анам деп елестетіп, жақсы тіл табысуға тырысам. Ал олай болмаса мен енді ешқашан сабаққа бармаймын!
— Ұлым,- Дулат қабағын түйе.
Кеш. Дулат соңғы күндері Алиханның анасы жайлы көп ойлайтынын байқап, оның көңілін басқада заттармен аулауға тырысып жүр. Тіпті тәттілерді де алып беріп, бірге ойнатып жүр.
— Әке, мен балмұздақ алғым келеді,- баланың көңілінен бас тарта алмаған Дулат оған қалағанын алып берді. Күн сәл салқын еді. Үйге келе салысымен Алихан түшкіріп жөтелуді бастады. Ал сәлден кейін қызуы да көтеріліп, мазасы қашты. Тэхён оған бар білетін ем-шарасын жасап ақырын оны ұйқтатып, өзі қасында отырды. Кейін іштей өткен сәттердің бәрін ойлап, ауыр күрсінді. Баласына бір, айнадан өзіне бір қараған жігіт орынынан тұрып терезе алдынан таза ауа жұтты. Кейіннен қалтасынан ұялы телефонын алып өзіне белгілі бір сандарды теріп, қоңырау шала бастады.
—Алло?- тұтқаны бір адам көтере….
Жалғасы бар.
ЕСКЕРТУ?:БАСҚА ТОПТА ЕЛЕСТЕТШІ РЕТІНДЕ ШЫҚҚАН, БІРАҚ АВТОРЫ МЕН!
Сторимен кіріп келу деген бар ма еді?