✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Ей,махабат,уәде-қарыз секілді , Мені тұзақ қақпаныңа түсірдің . Ақының көзсіз батырың өкінді , Бірде қуыс кеудеге нан пісірдім . Жас түсіпті тыйылмай көп , Маған сезімің көлдің мұзы . Көрісіппіз жиында-ай көп , Өзіңдей болмас елдің қызы . Сенсіз кетем құйындай боп , Сенімен гүлдер жердің жүзі . Хәлім кетті ғой қиындай көп , Азаптады мұң шердің сызы . Бұрынғы өткен шақтарда , Құштарлықты арттырдың . Шарладық сезім бақтарда , Соңы азапты тартқыздың . Жүрекпен сүй деген соң сүйдім , Мұңды естеліктен өзге не бердің ? Ақыл-есті өте әрең ғана жидым , Жеке дара жолымменен кетермін . Жетектеген ит ауға жарамас деп , Шың жаққа қарай талпындым ғой . Ел көп рет нұрға гүлге орамас деп , Тар жол,тайғақты жол қылдым ғой . Сезімнің нәп-нәзік қылын , Шеркен ақынмын ел есінде . Адамның көңліндегі сырын , Айтамын тек қара өлеңімде .