✏ Біздің оқырманымыздан ✍
Мен кітап сияқтымын ,
Жарыққа шығуды қалар .
Қандай күшті болсада ,
Түріміз гүл болып солар .
Мінез жанның айнасы .
Үміт пен өмір жайнады .
Аузыңа әрдайым тимес ,
Бақыттың бал қаймағы .
Өмір базар бір күні қайтасың ,
Тыңдайтын болсаң айтамын ,
Мақал дейтін сөздің мәйегін .
Бабам жамандағанға әйелін ,
Адамға жаппа күйені ,
Жабулап жаман биені .
Құлынын ала бер деген ,
Көңлің тез сынар леген .
Көшпелі қазақ болмаған отырықшы ,
Және емес еді алааяқ суайт өтірікші .
Біздерге барлығын аманаттаған еді ,
Ұрпақтың майдалып кеткені өкінішті .
Надандарды кім ұнатады,саудың
Асын ішіп,аурудың сөзін сөйлейтін .
Небір түрін көріп жүрміз жаудың ,
Өлім-жітім,жаназаны бір той дейтін .