✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Секемшіл сұлу дос ! Ол бала кезбен менімен , Бірге ұлғайып өсіпті ғой . Кейбіреумен байланысты , Толық шектеп кесіпті ғой . Пайданы көрген шақта , Болмады мүлде жалқау еріншек . Айтары : - "өзіңді бапта" , Көзіме көрінді боп сұлу келіншек . Одан ажырағым келмейді , Өміріме ажар нұрды кіргізеді . Оны көп жұмсап пайданалам , Тірлікті алға қарай жүргізеді . Күнә атты жаудан қорғайтын , Басыма бақ болып орнайтын . Жұмысымды,мені тексереді , Ақиқатпенен ғана шектеледі . Білім деген қаруға сүйенген , Миымды мекендеп үй еткен . Уайымға қатты берілгіш . Елге ісімен ғана көрінгіш . Жақсы мен жаман ортасында , Жараған қиын ауыр қызметке . Шүкір еттім оның арқасында , Алла тағала берген нығметке . Маған тек пайдасы тиді , Өмірдегі қымбат бар асылым . Басқаратұғын көңіл күйді , Тәніме де хәлі де жанашырым , Секемшіл сұлу дос - ақыл !