✏ Біздің оқырманымыздан ✍
Ессіз жақсы жаман тең дейді ,
Үлкен қайғы өлімге меңзейді .
Өзіне қол салу мүмкін емес ,
Иман болса жоғары деңгейлі .
Ақынға өлеңмен өмір мәнді ,
Көңіл сарайын елге кең дейді .
Нағыз шынайы тақуа жанды ,
Шайтан жын-перілер жеңбейді .
Жалған дүниең сасық боқ еді ,
Айтсайшы қайсы гүл қурамайды .
Тәкәппарлықтан пайда жоқ еді ,
Бүкірді қабір түзулеп туралайды .
Лашықта күліп отырған жақсы ,
Кең сарайда күнде жылағаннан .
Әр кез болсаң суық ащы қатты ,
Бола алмайсың елге ұнаған жан .
Елдің бәрі аша бермес мұрағатты ,
Жұрттың бәрі ұстаз емес ұлағатты .