ПСИХОЛОГИЯ KZ: ✏ Біздің оқырманымыздан ✍ Ашу деген ащы жұту…

Зарегистрируйтесь на ДуровЛох, чтобы общаться с друзьями, оставлять комментарии и отметки «Мне нравится».
Регистрация
✏ Біздің оқырманымыздан ✍

Ашу деген ащы жұту қиын ,
Ішке жұта алсаң түбі тәтті .
Айлакер жауды ұту қиын ,
Жанның емес әр күні сәтті .

Енесі тепкен құлынның ,
Еті білесіңдер ауырмайды .
Әке-шешең қатты айтсада ,
Одан жанашыр табылмайды .

Бар киесі қасиеті әр нәрсенің ,
Көңіл-ай кеңшілікті тар дедің ,
Ақыл секемшіл жасқаншақ
Басқандай өте көп жар шетін .

Екіжүзді әртіс болуды ұнатпаймын ,
Алтынды шығар жерден қазу керек .
Тірілерді таппайсың сыналмайтын ,
Қорғануға кімге болсын қару керек .

Боқ шашар тауықтай ,
Өз-өзіңе салақ болма .
Өмір деген қауіпті-ай ,
Көрерсің алау жолда .

Алла берген дәрежені ,
Түсіре алмас ешбір пенде .
Дихандарың дән егеді ,
Шығады ма түгел жерде .

Иман деген бағасыз ,
Тастама еш панасыз .
Адамдық өлшемін ,
Қадірлемес санасыз .
Комментарии 0
Пока нет ни одного комментария